National Emblem of Kazakhstan

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Жаңалықтар


Ақорда

Бүгін Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан Республикасы Президентінің жаңа байрағын көтеруге арналған салтанатты рәсімге қатысты

2012 жылғы 01 желтоқсан

 

Рәсім Мемлекет басшысының резиценциясы алдындағы алаңда өтті және «Ақордаға» кіретін парад алаңында Республикалық ұлан мен Президенттік оркестрдің парад бөлімдерінің салтанатты сапқа тұруымен басталды. Сапты Республикалық ұланның қолбасшысы генерал-лейтенант А.Шабдарбаев қабылдады.

Салтанатты марштың әуенімен ту ұстаушы топ Мемлекет басшысының жаңа байрағы эталонын «Ақордаға» алып кірді. Ол үлкен холлдың аркасы астындағы подиумға орнатылды.  

Бұдан кейін құрметті қарауылдың орындауындағы Мемлекеттік әнұранның әуенімен резиденция алдындағы тутұғырға Қазақстан Республикасы Президентінің байрағы көтерілді.

Рәсім соңында «Амангелді» асқақ маршының сүйемелдеуімен, Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәсімдеріне әскери құрметін орындай отырып, «Ақорда» алаңы алдынан Республикалық ұланның парад бөлімдері сап түзеп өтті.

«Қазақстан Республикасы Президентінің байрағы және айырым белгілерінің ресми пайдаланылу тәртібі туралы» Мемлекет басшысының Жарлығына 1995 жылы 29 желтоқсанда қол қойылған, ал оған 2012 жылғы 31 қазанда байрақтың жаңа талабын бекітетін өзгерістер енгізілген болатын.

Байрақ республиканың астанасындағы Қазақстан Президентінің резиденциясында тұрады, Мемлекет басшысының сапарларында басқа резиденцияларда, республика Президентінің көліктерінде болады.

Байрақ Мемлекет басшысының қатысуымен өтетін салтанатты және өзге іс-шаралар рәсімдерінде орналастырылады.

Қазақстан Республикасы Президентінің жаңа байрағы – көгілдір түсті тікбұрыш нысанындағы жақтары екіден біріне сәйкес келетін кездеме. Тікбұрыштың ортасында алтын түсті Мемлекеттік Ту бейнеленген. Кездеме үш жағынан алтын шашақпен көмкерілген.

Саптың тұсына тік сызық түрінде алтын түсті ұлттық нақыш орналастырылған. Байрақтың сабы «қошқар мүйіз» түріндегі суретті қол кескіндемемен тұйықталған, оған көбілмелі шашақ бекітілген.

Байрақтың сабына Қазақстан Республикасы Президентінің мемлекеттік тілде тегі, аты мен әкесінің аты және оның сайланған мерзімін көрсеткен даталар өрнектеліп жазылған күміс темірше бекітіледі.      


Кері қайту Кері қайту Twitter Facebook Басып шығару
Tokaev

Қазақстан Республикасы Президентінің