National Emblem of Kazakhstan

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Жаңалықтар


Ақорда

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Болгарияның Вице-президенті Илияна Йотованы қабылдады

2019 жылғы 07 қазан

Кездесу барысында тараптар екі жақты ынтымақтастықтың қазіргі жай-күйі мен перспективаларын, оның ішінде Болгария Президенті Румен Радевтың Нұр-Сұлтанға келер жылғы сапарын талқылады.

Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан мен Болгария арасындағы жан-жақты қарым-қатынасты одан әрі кеңейте беруге ниетті екенін білдірді.

Президенттің айтуынша, Қазақстан Болгарияға сауда-экономикалық әріптестік тұрғысынан да, Еуропа Одағымен өзара іс-қимыл бағыты бойынша да қызығушылық танытады. Екі ел арасындағы қарым-қатынастардың дамуына халқымыздың ажырамас бөлігіне айналған болгар диаспорасының қосатын үлесі зор.

– Қазақстанның жерінде болгар халқының бесінші буыны өмір сүріп жатыр. Біз болгар халқына үлкен құрметпен қараймыз, Болгариямен арадағы ынтымақтастығымызды жоғары бағалаймыз, екі ел арасындағы қарым-қатынас табысты дамуда,– деді Мемлекет басшысы.

Қазақстан көшбасшысы қазіргі уақытта Болгариямен өзара іс-қимылдарды жаңа сапалы деңгейге көтеруге қолайлы жағдай қалыптасқанын атап өтті. Өз сөзінде Қасым-Жомарт Тоқаев екіжақты қарым-қатынастарға тың серпін беретін перспективалы бағыттарды әзірлеу үшін Үкіметаралық комиссияның жұмысын жандандыру маңызды екенін айтты.

Өз кезегінде Болгарияның Вице-президенті мемлекеттер арасындағы, оның ішінде Еуропалық Одақ бойынша да ынтымақтастықты одан әрі дамытуға бейілді екенін білдірді. 

Илияна Йотованың сөзінше, бүгінде Қазақстан Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2019 жылдың қыркүйегіндегі Жолдауында айтылған ауқымды реформаларды жүзеге асыру жағынан үлкен жетістіктерге қол жеткізді. Оның ойынша, аталған бағдарламаны іске асыру халықтың әл-ауқатын артыруға, Үкімет пен азаматтық қоғам арасындағы диалогты қалыптастыруға зор ықпал етеді. Болгарлық саясаткер Мемлекет басшысының Ұлттық қоғамдық сенім кеңесін құру туралы идеясына қызығушылық танытты.

Сонымен қатар Илиана Йотова этносаралық келісімнің қазақстандық модельін жоғары бағалап, болгар диаспорасы Қазақстанның дамуына елеулі үлес қоса беретініне сенім білдірді.

Кездесу соңында Болгарияның Вице-президенті Павлодар облысына барып, онда жергілікті болгар этносы өкілдерімен кездесуді жоспарлап отырғанын айтты.


Кері қайту Кері қайту Twitter Facebook Басып шығару
Tokaev

Қазақстан Республикасы Президентінің