National Emblem of Kazakhstan

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Жаңалықтар


Астана, Қазақстан

Қасым-Жомарт Тоқаев Теңіз академиясына барды

2019 жылғы 11 сәуір

Қазақстан Президенті Бесінші Каспий саммитінде қол жеткізген уағдаластықтардың қорытындысы бойынша 2018 жылы Ш.Есенов атындағы Каспий мемлекеттік технологиялар және инжиниринг университетінің жанынан ашылған Теңіз академиясының жұмысымен танысты.

Мемлекет басшысы кеме жүргізушілердің, кеме механиктерінің, штурмандардың көп функциялық тренажерлік сыныптары, сондай-ақ, алғашқы медициналық көмек көрсетуге, өртке қарсы және құтқару жұмыстарын ұйымдастыруға арналған дәрісханалары бар академияның көпбейінді материалдық-техникалық базасын аралап көрді.

Студенттермен бейресми әңгімелесу барысында Қасым-Жомарт Тоқаев заманауи стандартқа сай сапалы әрі арнайы білім алудың маңыздылығын атап өтіп, олардың оқуда табысты болуына тілектестік білдірді.

Университет студенттері өскелең ұрпақ мәселелеріне ерекше көңіл бөліп, Жастар жылы аясында мемлекет тарапынан қолдау көрсетіліп жатқаны үшін Қазақстан Президентіне алғыс айтты.

Сонымен қатар, Мемлекет басшысына университеттің жұмыстары, соның ішінде 1 200 еріктіні біріктіріп отырған «Қоғамға қызмет» бағдарламасы жөнінде ақпарат ұсынылды.


Кері қайту Кері қайту Twitter Facebook Басып шығару

Заңдар

2024 жылғы 06 сәуір

Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне бизнес жүргізу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды


Мемлекет басшысы Солтүстік Қазақстан облысының су басқан аумақтарын тікұшақпен аралап көрді

2024 жылғы 16 сәуір

Мемлекет басшысы Солтүстік Қазақстан облысының су басқан аумақтарын тікұшақпен аралап көрді

Жарлық

2024 жылғы 01 сәуір

Ә.А. Смайыловты тағайындау туралы


Tokaev

Қазақстан Республикасы Президентінің