Жаңалықтар

7 мамыр 2012
Бүгін Мемлекет басшысы - ҚР Қарулы Күштерінің Жоғарғы Бас қолбасшысы Нұрсұлтан Назарбаев Отан қорғаушы күніне арналған мерекелік концертті тамашалады.

ҚР Қорғаныс министрі Әділбек Жақсыбеков құттықтау сөзінде Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері бүгінде жауынгерлік дайындықтың жоғары деңгейімен, сапалы резервімен, қажетті материалдық-техникалық қамтылуымен ерекшеленетінін айтты.

«Қарулы Күштер қатарында қызмет ету әрбір қазақстандықтың құрметті міндеті болып табылады», - деп атап өтті ҚР Қорғаныс министрі.

Концертте әскери ұжымдар мен қазақстандық эстрада артистері өз өнерлерін көрсетті.


Барлық жаңалықтар
 
Басқа жаңалықтар
Барлық жаңалықтар