Жаңалықтар

11 қазан 2012
Бүгін Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Жоғары деңгейдегі стратегиялық ынтымақтастық кеңесінің бірінші отырысына қатысты

Мемлекет басшысы өз сөзінде Түркия тарабына іс-шараны ұйымдастырғаны үшін алғысын айтты және алда келе жатқан мерекемен – Түркия Республикасы күнімен құттықтады.

Мемлекет басшысы өз сөзінде Түркия тарабына іс-шараны ұйымдастырғаны үшін алғысын айтты және алда келе жатқан мерекемен – Түркия Республикасы күнімен құттықтады.

- Өткен 20 жылда біздің елдеріміз айтарлықтай даму кезеңінен бірге өтті. Осы уақыт ішінде біз бір-бірімізден көп нәрсені үйрендік, зор табысқа қол жеткіздік. Менің 2009 жылы Анкараға сапарым кезінде қол қойылған Стратегиялық серіктестік туралы Шарт біздің бірлескен жұмысымыздың базалық негізі саналады. Бүгінде Қазақстан мен Түркия арасындағы тиімді ынтымақтастық жоғары деңгейде дамуда. Әртүрлі халықаралық және өңіраралық ұйымдар аясында біздің байланысымыз кеңеюде, - деді Мемлекет басшысы.

Нұрсұлтан Назарбаев Түркия Қазақстанның маңызды экономикалық серіктестерінің бірі екенін атап өтті. Екі елдің арасындағы экономикалық өзара іс-қимыл жоғары қарқынмен даму үстінде. Қазақстанның тәуелсіздігі жылдарында Түркияның біздің елге салған инвестициясы 2 миллиард АҚШ долларына жақындады. 2015 жылға қарай екі елдің арасындағы тауар айналымын 10 миллиард долларға дейін жеткізу жоспарланып отыр.

Мемлекет басшысы «Жаңа синергия» бірлескен экономикалық бағдарламасын қабылдай отырып, елдер өз алдарына айқын мақсат қойғанына тоқталды. Қазақстан, Ресей және Беларусь тарапынан құрылған Кеден одағы түрік инвесторларына жаңа мүмкіндіктер ашады.

Нұрсұлтан Назарбаев сондай-ақ туризм саласындағы өзара ынтымақтастықты дамыту әлеуетін атап көрсетті. Бұл үдеріске түрік бизнесі белсенділікпен қатысады деп күтілуде. Азия мен Еуропаны жалғастырып жатқан екі елдің геостратегиялық орналасуын ескерсек, көлік-транзит саласындағы екіжақты серіктестікті одан әрі кеңейту үшін мүмкіндіктер бар. Қазақстан мен Түркия арасындағы мәдени-гуманитарлық саладағы ынтымақтастық та жоғары деңгейде дамып келеді. Қыркүйекте Анкарада өткен Астана мәдениетінің күндері екі елдің арасындағы мәдени байланысты нығайта түсті.

Сөз соңында Қазақстан Президенті отырысқа қатысушыларға белсенді жұмыстары үшін ризашылығын білдіре келе, алдағы қызметтеріне табыстар тіледі.        


Барлық жаңалықтар
 
Өзге де шетелдерге сапарлар
Барлық шетелдерге сапарлар