National Emblem of Kazakhstan

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Жаңалықтар


Халықаралық қоғамдастық

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиёевті тәуелсіздік мерекесімен құттықтады

2019 жылғы 30 тамыз

Қасым-Жомарт Тоқаев Шавкат Мирзиёевке жолдаған құттықтау жеделхатында Өзбекстанның тәуелсіздік жылдарында қол жеткізген зор жетістіктерін және көпғасырлық достық пен ортақ тарихқа негізделген қазақ-өзбек диалогының қарқынды дамуын атап көрсетті.

Мемлекет басшысы екіжақты байланыстардың жемісті сипатына ерекше мән беріп, мемлекеттер арасындағы қарым-қатынастардың даму қарқыны жоғары боларына сенім білдірді.

– Біздің бірлескен жұмысымыз бауырлас елдеріміздің көпқырлы стратегиялық серіктестігін одан әрі кеңейтуге кепіл болады деп сенемін, – делінген жеделхатта.


Кері қайту Кері қайту Twitter Facebook Басып шығару
Tokaev

Қазақстан Республикасы Президентінің