Жаңалықтар

28 қараша 2006
Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Минскіде өткен Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттер басшылары кеңесінің мәжілісіне қатысты.

Шағын және кеңейтілген отырыстар барысында Достастық аясындағы ынтымақтастың негізгі бағыттары, сондай-ақ оны реформалау мәселелері талқыланды. Мемлекет басшылары ТМД-ның тиімділігін арттыру және оны дамыту болашағы туралы Жоғары деңгей тобының баяндамасын тыңдады.

Саммит қорытындысы бойынша ТМД елдері сыртқы істер министрлеріне ұсынылған Баяндама және Достастық мемлекеттерінің ұсыныстары негізінде 2007 жылдың 1 шілдесіне дейін Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының қызметін одан әрі жетілдіру тұжырымдамасының жобасын әзірлеу үшін Мемлекетаралық жұмыс тобын құру тапсырылды.

 
Саммит аяқталғаннан кейін ТМД төрағасы Нұрсұлтан Назарбаев пен ТМД-ның Атқарушы хатшысы Владимир Рушайло баспасөз мәслихатын өткізді.

 
- Бүгінгі Саммит ТМД-ның болашағын егжей-тегжейлі талқылауға мүмкіндік берді. Біздің мәжілісіміздің күн тәртібінде әдеттегідей, маңызды мәселелер көп болды, алайда, мен өзімнің төрағалық құқығымды пайдалана отырып, ТМД-ны реформалау мәселелесін түбегейлі талқылауды ұсындым. Баршамыздың ТМД-ның тиімділігін арттыру қажеттілігі, біздің ынтымақтастығымызға жаңа серпіліс, жаңа күш беру туралы пікіріміз бір жерден шықты. Қазақстан реформалау процесіне өз нұсқасын ұсынды. Талқылау қорытындысы бойынша тиісті шешім қабылданды, - деді Мемлекет басшысы баспасөз мәслихатында.


Барлық жаңалықтар
 
Басқа жаңалықтар
Барлық жаңалықтар