Жаңалықтар

10 қараша 2006
Мемлекет басшысының атына “Миттал Стил Теміртау” АҚ ұжымынан комбинат өміріндегі айтулы оқиғаға – қайта жарақтандырудан кейін 7-кокс батареясының іске қосылуына байланысты үндеу-хат келіп түсті.

“Миттал Стил Теміртау” АҚ-тың еңбек ұжымы Сіздің тапсырмаңызды орындады. Осы заманғы, іс жүзінде жаңадан салынған, технологиялық үдерістерді басқарудың автоматтық жүйесі бар жоғары механикаландырылған агрегат кокс өндіруді 1 миллион тоннаға дерлік ұлғайтуға және онымен Теміртаудағы металлургия өндірісін ғана емес, сонымен бірге елдің бүкіл металлургия өнеркәсібінің өскелең сұранысын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

 
Кокс батареясын іске қосу Қазақстанның әлемдегі бәсекеге барынша қабілетті 50 елдің қатарына кіру жөніндегі Сіздің басшылығыңызбен талдап жасалған стратегияны жүзеге асыруға Қарағанды облысы қосқан кезекті үлес болады.

 
Облыс металлургтері, барлық еңбекшілері өздері жөніндегі Сіздің тұрақты қамқорлығыңызды жоғары бағалайды, Қазақстан халқының әл-ауқатын артыру тұрғысында Сіз жасап отырған барлық шаралар үшін шынайы ризашылығын айтып, әрдайым Сіздің барлық бастамаларыңыз бен тың істеріңізге қолдау білдіретін болады. Сіз әрдайым бізбен біргесіз, бізге ортақ алаңдаушылықтар мен қуаныштарды, қиындықтар мен жеңістерді бірге бөлісіп келесіз. Сондықтан да осынау еңбек жеңісін біздің ұжым Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 15 жылдығына арнайды”, – делінген үндеу-хатта.


Барлық жаңалықтар
 
Басқа жаңалықтар
Барлық жаңалықтар