Жаңалықтар

26 қазан 2017
Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі – Қауіпсіздік Кеңесінің хатшысы Владимир Жұмақановтың және Тәжікстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесінің хатшысы Абдурахим Каххаровтың төрағалығымен Қазақстан мен Тәжікстан Қауіпсіздік Кеңестері аппараттары арасындағы жоспарлы консультациялар өтті

Іс-шараға екі елдің бірқатар мемлекеттік органдарының басшылары мен жауапты қызметкерлері қатысты.

Кездесу барысында Қазақстан мен Тәжікстанның терроризммен және діни экстремизммен күрес, заңсыз миграцияға қарсы іс-қимыл салаларындағы әріптестігін күшейту мәселелері қаралды. Сонымен қатар, тараптар Ауғанстандағы әскери-саяси ахуал және осы өңірден төнетін қауіп-қатерлерге қарсы тұру шаралары жөнінде ой бөлісті.

Сондай-ақ, В.Жұмақанов трансшекаралық ұйымдасқан қылмыспен және заңсыз есірткі айналымымен күресу мәселелеріне қатысты екіжақты өзара іс-қимылдың маңызды екеніне назар аударды. Тараптар ақпараттық қауіпсіздік саласы бойынша тұрақты түрде деректер алмасып тұруды және екі елдің мамандары арасында кездесулер өткізуді ұсынды.

Өткен талқылаулардың нәтижесінде Қазақстан Республикасы мен Тәжікстан Республикасының Қауіпсіздік Кеңестері қабылданған бірлескен шешімдерді іске асыруға бағытталған нақты қадамдар жасау жөнінде уағдаласты.


Барлық жаңалықтар
 
Басқа жаңалықтар
Барлық жаңалықтар