National Emblem of Kazakhstan

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Президент Әкімшілігі


Президент Әкімшілігінің құрылымы / Басшылық

Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесі хатшысының орынбасары Қаджиақбаров Нұржан Хажимұратұлы

1979 жылы 17 желтоқсанда Алматы қаласында туған.

2000 жылы Қазақ мемлекеттік басқару академиясын, 2020 жылы РФ СІМ Дипломатиялық академиясының магистратурасын бітірген.

1999-2000 жж. Республикалық арнайы физика-математикалық мектеп-интернаттың олимпиадалық резервті даярлау бойынша математика мұғалімі.

2000-2002 жж. Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрілігі Экономикалық саясат департаментінің референті, атташесі.

2002 ж. Қазақстан СІМ-нің Инвестиция жөніндегі комитетінің үшінші хатшысы.

2002-2004 жж. Қазақстан СІМ-нің ТМД істері жөніндегі комитетінің үшінші хатшысы, екінші хатшысы.

2004-2006 жж. Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесі Сыртқы байланыстар бөлімінің сарапшысы.

2006-2016 жж. Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі Сыртқы саясат орталығының бас сарапшысы, консультанты, сектор меңгерушісі, осы орталық меңгерушісінің орынбасары.

2016-2017 жж. Қазақстан СІМ-нің ТМД департаментінің директоры.

2017-2022 жж. Қазақстан Республикасының Ресей Федерациясындағы Елшілігінің кеңесші-уәкілі.

2022 жылғы 28 сәуірде Қазақстан Республикасының Қауіпсіздік Кеңесі Хатшысының орынбасары болып тағайындалды.

Ағылшын тілін меңгерген.

Отбасылы, үш баласы бар.

 


Кері қайту Кері қайту Twitter Facebook Басып шығару

Заңдар

2023 жылғы 12 шілде

Мемлекет басшысы «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне (Салық кодексі) толықтыру енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды


Президент Халықаралық экологиялық ынтымақтастық жөніндегі арнаулы өкіл Зүлфия Сүлейменованы қабылдады

2023 жылғы 21 қыркүйек

Президент Халықаралық экологиялық ынтымақтастық жөніндегі арнаулы өкіл Зүлфия Сүлейменованы қабылдады

Жарлық

2023 жылғы 16 қыркүйек

Ж.Н. Шаймарданов туралы